Кеңес алу • құжаттарды дайындау • құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау
Құқықтық көмек әртүрлі кезеңдерде қажет болуы мүмкін:
жағдайды түсініп алу, құжаттарды дайындау немесе сотта құқықтар мен мүдделерді қорғау қажет болғанда.
Егер жағдай міндеттемелерге, мұрагерлікке, мүлікке, шарттарға, несиеге, өсімпұлға немесе айыппұлға қатысты мәселелерді қамтыса, ең дұрыс қадам - кеңес алудан бастау.
Мен сізге құқықтық тәуекелдерді бағалауға және оңтайлы жолды таңдауға көмектесемін.
Азаматтық дауларда құжаттардың әмбебап «шаблондары» болмайды.
Шаблондар келесі маңызды жайттарды ескермейді:
- жағдайдың нақты мән-жайларын;
- дәлелдемелер мен хат алмасуды;
- екінші тараптың ұстанымын;
- процесуалдық мерзімдер мен тәуекелдерді.
Дәлелдемелерді дұрыс негіздемеу немесе қате таңдалған құқықтық тәсіл қолайсыз құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан құжаттарды дайындамас бұрын немесе сотқа жүгінер алдында жағдайға құқықтық баға алып, ықтимал тәуекелдерді түсініп алған жөн.
- ауызша және жазбаша консультациялар, жағдайға құқықтық талдау:
құқықтар мен міндеттерді түсіндіру, жағдайды бағалау, құқықтық ұсынымдар беру;
- құжаттарды дайындау:
шарттар, өтініштер, талап арыздар, шағымдар, келісімдер және өзге де құжаттар;
- сотта мүдделерді қорғау:
сот отырыстарына қатысу, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау.
Некені бұзу, алименттік міндеттемелер, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек дауларды құқықтық талдау, іс жүргізу құжаттарын дайындау.
Меншік құқығын қорғау. Жер және тұрғын үй даулары.
Міндеттемелерге құқықтық талдау, банктермен және өзге де қаржы ұйымдарымен туындайтын даулар.
Мұрагерлік құқықтарды ресімдеу.